Караоке-индустрия, кез-келген қазіргі заманғы сала сияқты сандық технологиялардың дамуымен тығыз байланысты. 20 жыл бұрын караоке бірнеше ондаған әнмен компакт-диск ойнатқышты ғана ұсына алатын. Ғаламтор әрбір пәтерге кіріп, жеткілікті өткізу мүмкіндігін алған кезде, караоке-жүйелері кіріктірілген Wi-Fi-модемін алып, жаңартуларды ауадан ала бастады. Қазір біз технологиялық дамудың келесі кезеңін бастан өткеріп жатырмыз, алайда, мазмұнды ақылға қонымды тұтыну мен оны дистрибуциялаудың жаңа тәсіліне байланысты.
Музыканы сатудың жаңа тәсілі
Болашақ өзгерістерді сезгендердің бірі Apple компаниясы болды, ол 2003 жылы iTunes Store ашқан, онда iPod үшін әндер альбомдармен емес, бірқалыпты – 99 центпен сатылды. Олардың қарапайымдылығы тамаша шешім – пайдаланушыларға тек олар ұнайтын композициялар үшін төлеуге мүмкіндік беру, музыканттар мен продюсерлер альбомдарын топ жарған 2-3 хиттармен толықтырып отырды. Дыбыс жазатын компаниялардың қауіптерін жою үшін Стив Джобс былай деп айтты : “Ғаламтор альбомдар идеясын әлдеқашан жойып жіберді. Әнді бір-бірлеп сатпай қарақшылықпен күресу мүмкін емес”.
Компанияда алғашқы миллион әндер 6 айда сатылады деп күткен. Оның орнына миллион ән алғашқы 6 күнде тарап кетті. Джобс кезкеті рет пайғамбар атағын алды, ал орындаушылар альбом категорияларын ойлауды тоқтатып, әрбір жеке композицияның сапасына назар аударды. Нәтижесінде барлығы жеңіске жетті, бірінші кезекте тыңдаушылар.
Тек сүйетін әніңізді айтыңыз
Әлі күнге дейін караоке өндірушілері арасында фонограммаларды айлық жаңартулармен сату қалыпты болып саналады. 30 күнде бір рет пайдаланушының жеке қалауларын ескерместен, 60-100 шартты бірлікке музыкалық редакторлар іріктеген жүз және басқа да әндер пакетін алаып келеді.
Бұл әртүрлі репертуарларды, караоке клубтарында және мейрамханаларда жиі орындайтын адамдар үшін тамаша дистрибуция жүйесі, өйткені ол мекеме қонақтарының талғамының кең ауқымын қамтиды. Бірақ жеке тәуелділік туралы айтатын болсақ, ол мінсіз емес.

EVOBOX караоке-жүйелерінде фонограммаларды үлкен пакеттермен сатуға арналған дәстүрлі әдісті өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұл пайдаланушыға не береді?
Біріншіден, ол қандай ән айтатынын басқару мүмкіндігі. Караокеші Studio Evolution каталогындағы 80 00 астам фонограммалар ішінен өзіне ұнағанын таңдай алады. Ән сатып алу алдында тегін демо-жазбаны тыңдауға болады және фонограмма ұнаса – оны сатып алуға болады. Егер орындаушы Таня Буланованы, Григорий Лепсті ұнатпаса және оған Queen үздік хиттары сыйлық ретінде де қажет болмаса, олар ешқашан оның караоке-жүйесінде естілмейді. Тек сүйетін әніңізді айтыңыз.
Екіншіден, үнемділік. Караоке-жүйеде орнатылған немесе жаңарту пакеті шеңберінде сатып алынған әрбір ән – құқық иелеріне роялти аудару қажет лицензиялық композиция. Шын мәнінде, үлкен жаңартуды сатып ала отырып, караоке жүйесін пайдаланушы ән айту үшін ғана емес, ешқашан орындалмайтын ән үшін де комиссия төлейді.
Үшіншіден, ақылға қонарлық плейлист. Бастапқыда әндерді сатып алу процесі қымбат және күрделі болып көрінуі мүмкін, бірақ біздің статистикамыз бен 18 жылдық тәжірибеміз караокешінің өз репертуарын 200-300 сүйікті фонограммаларымен шектейтіні туралы айтады. Көз каталогтағы композициялардың көптігінен қашып, барлық ән атуға деген ұмтылу ниеті жоғалғаннан кейін, пайдаланушы айына 10-20 жаңа әннің өз ойнату тізіміне қосқан кезде ойластырылған фаза пайда болады.
Төртіншіден, егер пайдаланушы караоке айына екі рет немесе одан да аз ән айтса, бірақ ең жаңа хиттарды орындағысы келсе, бұл ыңғайлы. Мысалы, туған күні үй караоке-кешін ұйымдастырғанда жаңа композиция үшін үлкен пакетті жүктеудің қажеттілігі жоқ. Достарымен бірге орындау үшін осы әнді сатып алу тезірек және тиімдірек.

Сондай-ақ оқыңыз: Үйде караоке үшін не қажет 2020?
Үйге караоке-жабдықты таңдау және орнату – бұл белгілі бір білім мен байыпты талап ететін процесс. Сіздің үйіңізде кәсіби караоке дыбысталып, мінсіз жұмыс істеу үшін не қажет?
Қандай әнді шырқасаңыз – сондай адам болғаныңыз
Егер классиктерді қайталайтын болсақ: қандай әнді шырқасаңыз – сондай адам болғаныңыз.EVOBOX сізге сіздің көңіліңзден шығатын әнгді ғана, сізге шынымен жақсы көретін және қуаныш әкелетін әнді ұсынады. Рок, поп немесе халық әндерін ана тілінде ән айтқыңыз келеді –өтінеміз. Сіздің таңдауыңызда, басқару және алғыңыз келетін эмоцияыңызда толық еркіндік бар.
Осындай ән сатып алу тәсіліне сенбейтін немесе бәрін бірден қалайтын караокешілер үшін 41 000 алдын ала орнатылған тректермен және ай сайынғы жаңартуларға әдеттегі жазылымдармен EVOBOX Plus нұсқасы бар.
Сізге сәтті караоке тілейміз!