EvoClub — бұл:
#1 Караоке-клуб қызметкерлері мен қонақтарына арналған инновациялық сервис. Сүйікті әндерді өз смартфоныңыздан немесе клуб планшетінен іздеу және оларға тапсырыс беру.
#2 Дыбыс режиссерлеріне арналған Evolution Pro2 караоке жүйесіндегі кіріктірілген бағдарламалық жасақтама. Караоке-клуб қонақтарынан түскен ән тапсырыстарын дыбыс режиссерінің жұмыс орнында өңдеу.
Караоке-клубта EvoClub user series жұмысын қалай баптау керек?
Караоке-клубыңыздың қонағы App Store немесе Google Play арқылы EvoClub user series қосымшасын жүктеп алуы қажет.
Қосымшаны қосу және баптау үшін келуші мына қадамдарды орындауы керек:
- караоке-клубтың Wi-Fi желісіне қосылу
- тіркелу: есімін, электрондық пошта мекенжайын және құпиясөзді енгізу
- тіркелу кезінде көрсетілген электрондық поштаға келген хабарламадағы сілтемеге өту арқылы өзінің «EvoClub» есептік жазбасын растау
- қосымша мәзірінен EVOCLUB жолын таңдап, «Келесі» («Далее») батырмасын басу және таңдалған караоке жүйесіне қосылу
- караоке жүйесінде орнатылған ПИН-кодты енгізу. ПИН-кодты дыбыс режиссерінің экранындағы EvoClub қойындысынан көруге, өңдеуге немесе баптауға болады
- үстел нөмірін көрсету
Міне, осы ғана! Қонақтың қосымшасы жұмысқа дайын.
Қонақтарға EvoClub қосымшасының негізгі мүмкіндіктері туралы айтып беріңіз:
- электрондық каталогтан ән атауы, орындаушы есімі, мәтін үзіндісі, жанры және орындалу тілі бойынша іздеу
- бір рет басу арқылы әнге тапсырыс беру
- тапсырыс бермес бұрын әннің тональділігі мен қарқынын (темпін) өзгерту мүмкіндігі
- қосымшаның электрондық каталогын караоке-клубтан тыс жерде де пайдалану және ұнаған әндерді таңдаулылар тізіміне қосу мүмкіндігі
Заманауи караоке EvoClub-пен бірге әлдеқайда ыңғайлы әрі қарапайым бола түседі!