Үй кинотеатры сүйікті фильмнің түпнұсқа дыбысынан ләззат алғыңыз келгенде таптырмас шешім: кейіпкердің аяғының астындағы жапырақтардың сыбдырын есту, кенеттен шыққан дыбыстан селк ету, арттағы бұтақтың сынған даусына еріксіз бұрылып қарау. Теледидардың стандартты динамиктері бере алмайтын осы таңғажайып дыбыстық әсерлер фильмді, тіпті бірнеше рет көрген және ештеңемен таңғалдыра алмайтындай көрінген туындының өзін жаңа қырынан ашады.
Бірақ караокеге келгенде қалай болмақ? Үй кинотеатры ән айту үшін жақсы нұсқа бола ала ма, әлде басқа шешімге тоқталу керек пе? Бүгін біз EvoSound Bar аудиожүйесі және оның неліктен үйдегі караоке үшін оңтайлы таңдау екендігі туралы сөз қозғаймыз.
Аудиожүйенің бағасы

Егер сізде ерекше музыкалық есту қабілеті болмаса және дыбыс сапасына аса қатал талап қоймасаңыз, сізге арзан үй кинотеатры да жарай береді. Бірақ егер сіз жоғары санаттағы дыбыстан толық ләззат алғыңыз келсе, Hi-End класындағы немесе студиялық деңгейдегі бірінші дәрежелі жабдық үшін қомақты қаржы шығаруға тура келеді. Мұндай техниканың бағасы бірнеше мың доллардан басталады және тек сіздің бюджетіңіз бен қиялыңызбен ғана шектеледі.
Ал саундбар мен сабвуферден тұратын EvoSound Bar бағасы бұдан бірнеше есе төмен және осыдан екі жыл бұрын шыққан брендтік смартфон моделінің құнымен пара-пар. Бұл ретте баршаға қолжетімді караоке-саундбар смартфоннан Bluetooth арқылы музыка ойнатуға да, қосылған теледидар приставкасынан фильм көруге де, және, әрине, караокеде ән шырқауға да өте қолайлы сипаттамаларды көрсетеді.
Өлшемі

Аудиожүйенің ықшамдылығы да аса маңызды. Сапалы дыбыстан ләззат алу үшін бес немесе жеті үлкен колонканы еркін орналастыруға жететін кең пәтер кез келгеннің қолында бола бермейді. Кейбіреулер үшін бөлме дизайнының тұтастығын сақтау, интерьердің үйлесімі мен стилін бұзбау өте маңызды. Мұндай жандар үшін көптеген дәстүрлі акустикалық шешімдер қолайсыз болып шығады.
Орынның шектеулілігі мен дыбыс сапасы арасындағы дилемманы саундбар шешеді. EvoSound Bar акустикасы ықшам және смарт-пәтерге де, кеңседегі демалыс бөлмесіне де тамаша үйлеседі. Оның өлшемі 1210×107×126 мм құрайды және кез келген кеңістікке әрі кез келген диагональдағы теледидардың астына мінсіз сәйкес келетіндей арнайы есептелген.
Ән айту сапасы

Кәдімгі үй кинотеатрларының басты кемшілігі — вокалдың байқалатын кідірісі және шыңдық вокалдық жүктемелер кезінде динамиктердің сырылдауы. Олар «жанды» ән айтуды ойнатуға арналмаған. Көбінесе үй кинотеатрларында вокалдың сапасы өте төмен болады, өйткені дауыс орталық колонкаға, ал музыка — қалған барлық колонкаларға беріледі. Нәтижесінде, орындаушының айналасында музыка гүрсілдеп жатады да, дауыс дерлік естілмей қалады.
EvoSound Bar аудиожүйесі бұл кемшіліктерден ада. Ол нарықта ұсынылған караокеге арналған акустиканы және соған байланысты мәселелерді ұзақ зерттегеннен кейін әзірленді. Нәтижесінде динамиктерден нағыз концерттегідей таза, терең дауыс шығады. Вокал мен музыка бір-бірін «айқайлап басуға» тырыспай, жақсы теңгеріліп, бір-бірін толықтырып тұрады. Караоке-саундбармен ән айту үй кинотеатрындағы караокеге қарағанда мүлдем өзгеше эмоционалдық әсер сыйлайды.
Қораптан шыға салысымен дайын болуы

Аудиожүйелер көбінесе күрделі баптауды қажет етеді. Әсіресе сөз кәсіби жабдық туралы болғанда. Кейде үй кинотеатрының толық әсерін сезіну үшін дыбысты реттеп қана қоймай, бөлмеде колонкаларды дұрыс қосып, дұрыс орналастыра алатын мамандарды іздеуге тура келеді.
Егер сіз мамандандырылған музыкалық дүкеннен аудиожүйе сатып алғыңыз келсе, жабдықты сынап тыңдаудан бөлек, сізге акустиканы орналастырғыңыз келетін бөлме туралы міндетті түрде сұрақтар қойылады. Жалпы ауданы, қалқалардың және тіпті шкафтардың болуы акустиканың үні үшін шешуші мәнге ие болуы мүмкін.
Ал саундбар болса, тікелей «қораптан шыға салысымен» қолдануға дайын, ал оны теледидарға қосу баланың да қолынан келеді. Дыбыс сапасы бөлменің факторларына әлдеқайда аз тәуелді, өйткені сапалы аудио немесе караоке ойнату үшін қажеттінің бәрі саундбардың өзіне салынған. EvoSound Bar аудиожүйесінің әртүрлі бағытқа бағытталған 14 динамигі бөлме кеңістігінде дыбысты қабылдау көрінісін 270°-қа дейін ашуға мүмкіндік береді.
EvoSound Bar аудиожүйесі караоке жүйелерімен тығыз интеграцияда жасалған және караоке индустриясындағы ең технологиялық әрі инновациялық әзірлемелерді біріктіреді. Караоке орындаушыларына ыңғайлы болу үшін микрофондар мен эффектілерді басқару саундбар пультіне шығарылған, бұл караоке жүйесімен жұмыс істеуді және ән айтуды айтарлықтай жеңілдетеді.

EvoSound Bar жүйесіне бір уақытта бірнеше құрылғыны, соның ішінде Bluetooth арқылы смартфонды, ойын консолін немесе ноутбукті қосуға болады. Сүйікті сериалды көруден көңілді кешке көшу бір ғана батырманы басу арқылы жүзеге асады.