Мойындаңызшы, сіз баяғыдан бері бір-екі жаңа дағдыны меңгергіңіз немесе шет тілін үйренгіңіз келді емес пе? Неліктен үйдегі бос уақытты армандарыңызды жүзеге асыру үшін пайдамен өткізбеске? Бізге караоке, ынта және аздап бос уақыт қажет болады. Бұл отбасының барлық мүшелері, соның ішінде балалар да қатыса алатын көңілді сабақтар болмақ.
Шет тілін үйренушілер тап болатын негізгі мәселелердің бірі — тілдік тәжірибенің жоқтығы. Бұл айтарлықтай кең таралған мәселе және мұғалімдер жаңадан бастаушыларға сериалдарды түпнұсқада көруге, подкасттарды тыңдауға немесе… караокеде ән айтуға кеңес береді! Лирикалық, ұйқасқан берілу тәсілі есте сақтауды айтарлықтай жеңілдетеді. Ешқандай жалықтыратын құрғақ жаттаудың қажеті жоқ – ән айтыңыз және сол барыста үйреніңіз.
Ән арқылы оқыту тәжірибесін танымал тіл орталықтары (мысалы, SpeakUp London) қолданады. Оларда сыныпта ағылшын тіліндегі хиттерді ең жақсы орындау бойынша караоке-батлдар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Жеңімпазға пицца бұйырады, ал басты жүлдені барлық қатысушылар алады – бұл сөйлеу тілін жақсарту және тілдік кедергіні жою.
Караоке тілдің базалық деңгейін меңгеруге де, танымал сленгтік сөз тіркестері мен идиомаларды үйренуге де мүмкіндік береді. Оған қоса, бұл әдіс іш пыстырарлық аудиокурстарда қолданылатын мінсіз академиялық айтылымнан алшақ, табиғи айтылымды (дыбыстардың редукциясы, сөздердің бірігуі) естуге мүмкіндік береді. Осының арқасында сөйлеуді есту арқылы қабылдау, шапшаң сөйлемдерді түсіну және ауызша ағыннан жекелеген сөздерді бөліп алу әлдеқайда жеңілдейді.
Клиптер мен мәтіндер (мысалы, Lyricstraining) арқылы шет тілін үйрету үшін арнайы жасалған көптеген смартфон қосымшалары бар. Бірақ толыққанды үйдегі караоке-жүйесімен (Evolution сияқты) оқу процесі мүлдем басқа жайлылық деңгейіне шығады:
- Орасан зор база. Сіздің қарамағыңызда әлемнің түрлі тілдеріндегі ондаған мың композиция бар. Сіз қарапайым балладалардан бастап жылдам рэпке дейін өзіңізге қажетті қиындық деңгейіндегі әндерді оңай таба аласыз.
- Ыңғайлы дайындық. Караокені басқаруға арналған мобильді қосымшалардың (EvoClub сияқты) көмегімен ән мәтінін смартфон экранынан алдын ала оқып, музыка басталмас бұрын бейтаныс сөздерді аударып алуға болады.
- Түпнұсқа бейнебаяндар. ТД-ның үлкен экранындағы ажыратымдылығы жоғары клиптер айтылымды дәлірек көшіру үшін орындаушының артикуляциясын егжей-тегжейлі қарауға мүмкіндік береді.
Әндер арқылы қалай дұрыс үйренуге болады?
Оқуды өзіңіз жақсы білетін және құлаққабыңызда жиі ойнайтын тректерден бастаңыз. Егер басыңызда таныс әуен ойнап тұрса, сізге әлдеқайда оңай болады.
- Тыңдаңыз. Микрофонды алмас бұрын әннің түпнұсқасын тыңдап шығыңыз.
- Мұқият ән айтыңыз. Сөздерді анық айтуға тырысып, дұрыс интонациямен, асықпай ән айтыңыз. Бұл кезеңдегі сіздің міндетіңіз – нотаға мінсіз түскеніңіз үшін 100 ұпай жинау емес, бейтаныс сөздер мен дыбыстардың тілге қалай жататынын сезіну.
- Бекітіңіз. Нәтижені бекіту үшін тағы бір рет айтып шығыңыз, бұл жолы жүгіртпе жолға сирегірек қарауға тырысып, барынша есте сақтау қабілетіңіз бойынша орындаңыз.
Осындай «үйдегі караоке-курстарының» алғашқы апталарында-ақ сіз сөздік қорыңызды айтарлықтай арттырасыз, грамматикаңызды интуитивті түрде жақсартасыз (өйткені әндерде дайын грамматикалық құрылымдар қолданылады) және жанды ауызекі сөз тіркестерін меңгересіз. Шынайы қарым-қатынаста шет тілінде сөйлем құрау сізге әлдеқайда оңай болады.
Караокеде ән айтыңыз, ләззат алыңыз және уақытыңызды пайдалы өткізіңіз!