Кеңседегі ойын-сауық тек қызметкерлердің жұмыста үзіліс жасап, демалуы үшін ғана емес. Жұмыс орнындағы атмосфераның маңызы зор. Бірге жағымды эмоцияларды бастан кешіретін ұйымшыл ұжым жинақы әрі еркін жұмыс істейді. Мұндай ұжымда бір-бірімен ортақ тіл табысу оңайырақ, қойылған міндеттерді шешу тиімдірек болады.
Ұжымның өнімділігіне шын мәнінде алаңдайтын көптеген компаниялар тұтастай демалыс бөлмелерін жабдықтайды. Ойын консольдері, үстел теннисі, тренажерлар, «тәтті» бар, бір сағат мызғып алуға ыңғайлы жұмсақ жиһаздар. Массаж бөлмелері де жиі кездеседі.
Караоке ұзақ уақыт бойы танымал кеңселік ойын-сауықтардың бірі болып табылады. Бәлкім, әлемдегі ең біріншісі де шығар. Google мен Facebook кампустары әлі жобада да болмаған кезде, жапондық корпорациялар қызметкерлерінің демалуы үшін өздерінің кеңсе кеңістіктерін караоке-бокстармен жабдықтап үлгерген еді.
Кеңседегі караоке-жүйесінің артықшылықтары қандай?
Демалыс
Қызметкерлердің көпшілігі жұмыс орнында 8-9 сағат өткізеді. Кейбіреулер, әсіресе IT саласындағылар 11-13 сағаттап отырады. Бұл ағза үшін ауыр және жалпы жұмысқа қабілеттілікке кері әсер етеді. Егер сіз күні бойы үстел басында отырып жұмыс істесеңіз, өнімділік төмендейді. Австралия ұлттық университеті тіпті аптасына 34 сағаттан артық жұмыс істеу денсаулыққа қауіп төндіреді және елеулі асқынуларға әкеледі деп санайды. Тиісінше, біздің ағзамыз бен миымызға демалыс қажет.
Бұл жағдайда караоке ойын консоліне қарағанда демалудың мүлдем басқа форматын ұсынады. Ән айтуды бір жағынан белсенді демалыс түріне жатқызуға болады, ал екінші жағынан – ол арнайы дайындықты немесе дағдыларды қажет етпейді және кез келген адамға сәйкес келеді. Әркім микрофон алып, ән айта алады. Бұл көңілді, пайдалы, шаршауды тамаша басады және жұмыс күнінің соңына дейін сергектік сыйлайды.
Пайдасы
Ән айтудың пайдасы бұрыннан белгілі және ол денсаулықты жалпы алдын алу үшін де, балалар мен жасөспірімдердің бойында мәдени-этикалық құндылықтарды тәрбиелеу үшін де жиі қолданылады. Атап айтқанда, ән айту ішкі мүшелер мен миды оттегімен қамтамасыз етеді, қан қысымы мен жүрек соғысын қалыпқа келтіреді.

Zendesk компаниясының кеңсесіндегі караоке-үзіліс
Караоке күйзеліспен күресуге тамаша көмектеседі, орындау кезінде «буды шығаруға» және ашуды басуға мүмкіндік береді. Көңіл-күйіңізге қарай ән таңдап, шулап, билеп – жиналып қалған жағымсыз эмоцияларды шығаруға болады. Түскі асқа дейін созылған жиналыстан кейінгі керемет психологиялық жеңілдеу.
Қысылуды жою
Мүмкін, әрбір кеңседе жаңа қызметкерлерді бейімдеу мәселесі кездесетін шығар. Олар процеске ұзақ уақыт араласады, ұжымға қиындықпен сіңіседі, өздерін бөтен сезінеді. Егер жаңадан келген қызметкерден нәтиже күтілсе, бірақ ол ішкі кедергілерді жеңе алмаса, ұялшақтық жиі проблемаға айналады.
Жаңа қызметкерлер үшін неге шулы караоке кештерін ұйымдастырмасқа? Мұндай дәстүрлер кеңседе тез сіңіседі, «ескі қызметкерлер» тарапынан жақсы қабылданады және жаңадан келгендерге қысылуды тез жеңуге көмектеседі.
Корпоративтер
Корпоратив – кез келген компанияның кеңсе мәдениетінің маңызды бөлігі. Дұрыс демалыс қызметкерлерге демалуға, бір-бірімен танысуға, бірігуге, ортақтық сезімін сыйлауға бағытталған. Әрине, тапсырмаларды бірлесіп орындауға болатын кеңсе ойындары өте көп. Мысалы, степлерді тығып қойып, командаларға бөлініп, оны іздеу. Жеңімпазға – кеңсе менеджері принтерден шығарған сертификат және директордан кеңсе тауарлары жиынтығы.
Келесі жолы корпоративті караокемен өткізіп көріңіз. Караоке жұлдызы атағы үшін сату бөлімі мен бухгалтерия арасында музыкалық батл ұйымдастырыңыз. Қызметкерлер орындаушы ретінде немесе өз қатысушыларына қызу қолдау көрсететін көрермен ретінде процеске қуана қатысады. Барлығы өз еркімен – хатшы интернеттен тапқан «кеңсе» ойындарына қатысуға ешқандай мәжбүрлеу жоқ. Караоке – көңілділік пен еркіндіктің синонимі.
Түйін
Караоке көптен бері және орынды түрде кеңседегі демалыс пен тимбилдинг саласында жетекші орындардың бірін иеленіп келеді. Жұмыс уақытында караоке демалуға және күш жинауға көмектеседі, ал күннің соңында қызметкерлердің бейресми жағдайда араласуына тамаша себеп болады. Мүмкін, караоке-үзіліс – сіздің компанияңызға да дәл қажет нәрсе шығар?