Караоке-жүйесін сатып алып, достарыңызға кеш ұйымдастыруды жоспарлап жүрсіз бе, бірақ тақырыбын шеше алмай жатырсыз ба? Онда бұл мақала сіз үшін. Бүгін біз үйде 90-жылдар стиліндегі ыстық әрі драйвқа толы кешті қалай ұйымдастыруға болатынын айтып береміз!
Кешке арналған костюмдер
Кеш достық әрі үйде өтетін болса да, дресс-код міндетті түрде сақталуы керек. Достарыңыздан шкафтарын ақтарып көруді сұраңыз. Мүмкін, кейбіреулерінде жастық шағында киген киімдері әлі де сақталған шығар, егер олар оған сыйып жатса (ғажап!), бұл кештің керемет көркіне айналады.
Костюм таңдағанда, 90-жылдар стиліндегі кештің бір ғана ережесі бар екенін ұмытпаңыз: неғұрлым ашық болса – соғұрлым жақсы. Лосиндерді ірі торлы фланель жейделермен және биік өкшелі туфлилермен кез келген пропорцияда араластырыңыз. Өз даралығыңызды көрсету үшін ең ессіз үлгілерді таңдаңыз!
Қыздар үшін былғары куртка, ең «қышқыл» (неон) түсті лосиндер немесе қысқа шортылар өте жақсы үйлеседі. Образды түрлі-түсті бижутериямен және, әрине, шашқа арналған лактың толық әрі сөзсіз жеңісімен толықтыруға болады.
Жігіттер үшін: былғары косуха-курткасы немесе «олимпийка» және джинсы. Барлығына қолжетімді әрі мінсіз нұсқа – спорттық костюм (міндетті түрде Adidas жазуы бар) және туфли.
Репертуар
Барлық әндердің караоке-жүйесіне жүктелгеніне сенімді болу үшін репертуарды алдын ала талқылаған дұрыс. Бұл қайталануларды болдырмауға көмектеседі және өнер көрсету кезегін теңдестірілген түрде жоспарлауға мүмкіндік береді. Ешкім қатарынан төрт рет «Угонщица» әнін тыңдағысы келмейтіні анық қой?
Байқаулар
Байқаусыз қандай караоке-кеш? Олардың түрі өте көп, бірақ біз ең көңілді және дайындалуға ең оңай үшеуіне тоқталамыз.
Дуэттер шайқасы
Қатысушыларды жұпқа бөліп, оларға 90-жылдардағы хиттер топтамасынан кездейсоқ әндерді таңдап беріңіз. Егер қонақтар ән айтуға ұялса, бұл байқау сіздің құтқарушы таяқшаңызға айналуы мүмкін. Екеулеп өнер көрсету онша қорқынышты емес. Қонақтар дәмін алып, бір-бірімен жақынырақ танысуы үшін кешті осы байқаудан бастаған дұрыс.
Шақырылған жұлдыз
Егер біз киініп, сәнденуді шешкен болсақ, неге жұлдыздың рөлін сомдап көрмеске? Қол астында жатқан заттардың бәрін тез жинап, «жұлдызды образ» жасаймыз. Күннен қорғайтын көзілдірік, қалпақтар мен косметиканы қолдануға болады. Киім ауыстырғаннан кейін байқауға қатысушылар таңдалған орындаушының әнін орындауы керек.
Жұлдыздың бейнесіне сәтті енген жеңімпазды қонақтардың реакциясы анықтайды. Көбірек көңіл көтеру үшін әртістердің есімдерін қағазға жазып, оларды қалпаққа салып араластырып, кезекпен көзді жұмып суыруға болады.
Руки Вверх батлы
90-жылдардың басты жұлдызы кім? Олардың әнінсіз ешбір мектеп дискотекасы өтпеген кім? Әрине, «Руки Вверх». Олардың шығармашылығына әртүрлі көзқараспен қарауға болады, бірақ «Студент» немесе «18 мне уже» әндерінің қайырмасы санасына мәңгілікке жатталып қалмаған адам жоқ шығар.
Кештің қызған шағында аты аңызға айналған топтың хиттерінің бірін ең жақсы орындауға батл жариялаңыз. Жеңімпазға сыйлық ретінде келесі орындаушыны және оның қандай ән айтатынын тағайындау құқығы беріледі.
Ешқандай тамақ үстелі болмасын
Тіпті тырыспаңыз да! Бұл жолы жеңіл тіскебасарлар немесе снектермен шектелейік. Теледидар алдындағы кеңістікті орындаушылар мен би үшін босатқан дұрыс. Караоке-кеші сіздің аузыңызды толтырып отыруыңызды емес, ән айтып, көңіл көтеріп, уақытты белсенді өткізуіңізді білдіреді.
Сыйлықтар
Қатысушыларға сыйлықтарды алдын ала дайындап қойыңыз. Бұл кештің тақырыбына қатысы бар әзіл кәдесыйлар болуы мүмкін. Мысалы, 90-жылдардағы поп-жұлдыздардың ескі плакаттары немесе сол кездегі басты хиттердің атаулары жазылған шарлар. Егер сіз пісіруді ұнатсаңыз, микрофон пішініндегі жүлделі кекстер немесе торттар жасаңыз.
Алкоголь
Ішімдік пен караоке – нан мен май сияқты. Біз сіздерге бос уақытты қалай өткізу керектігін үгіттемейміз. Жай ғана барлығының көлік кілттерін жинап алып, олардың такси шақырғанына көз жеткізіңіз.
Жүргізуші
Жүргізуші тек караоке-клубтар үшін ғана қажет емес. МС кешті жарқын, көңілді етеді, мерекеге жаңа леп береді, қонақтарды сергітеді және іш пыстырмайды. Бұл сізге жүргізушіге тапсырыс беру керек дегенді білдірмейді. Оның рөлін тілі тастай кез келген қонақ оңай атқара алады.