Егер сізде ескі әрі жақсы отбасылық дәстүр болмаса, оны бастаудың нағыз уақыты келді. Өйткені ұзақ қысқы демалыс жақындап қалды – жақсылап демалып, уақытты отбасыңызбен үйде өткізуге таптырмас кез. Ал отбасылық дәстүр бұл жерде – басты тағам. Біреулер пряник пісіруді қаласа, енді біреулер жиһаздың орнын ауыстырумен айналысады. Біз сізге жақын достарыңызды шақырып, қысқы караоке-кешін ұйымдастыруды ұсынамыз.
Алдымен бізге қыс мезгілінің мінсіз сусыны – глинтвейн қажет. Глинтвейн рецепті өте қарапайым. Құрғақ ақ немесе қызыл шарапты кәстрөлде 70-80°C температураға дейін қыздырамыз. Дәміне қарай даршын (корица) таяқшасын, қалампыр (гвоздика), зімбір (имбирь), алма немесе цитрус жемістерін қосамыз. Маңызды: шарапты қайнатуға болмайды! Егер ыдыстағы сұйықтық бұрқылдай бастаса – температураны төмендетіңіз немесе оттан алыңыз. Глинтвейнді 10 минут тұндырып қоямыз, міне, дайын – бокалдар мен шыныаяқтарға құюға болады. Балалар үшін, әрине, жаңа жылдық гоголь-моголь дайындаған немесе шырын сатып алған дұрыс.
Караокеге арналған қысқы плейлисті алдын ала жасап алыңыз. Studio Evolution каталогы шынымен де өте үлкен (100 000-нан астам ән) болғандықтан, кештің қызған шағында ән іздеу – ең жақсы идея емес. Артық әбігерсіз орындалатын әндерді таңдап, оларды караоке-жүйесіндегі сүйікті әндер тізіміне қосыңыз. Ғаламтордан мерекелік әндердің түрлі тізімдерін қарауға немесе біз сіздерге алдын ала жинақтаған дайын топтамаларды пайдалануға болады.
Кешке арналған бөлмені дайындаймыз. Бұл жерде екі қағиданы басшылыққа алуға болады:
1. Шулы әрі көңілді! Біз кварталдағы ең гуілдеген кешті жоспарлаймыз, достарымызды шақырамыз және заң рұқсат еткен шеңберде көңіл көтереміз. Бұл үшін бөлмені билеуге кедергі келтіретін артық жиһаздан босату керек. Бөлменің ортасында ешқандай дастарқан болмауы тиіс! Үстелді қабырғаға барынша жақын жылжытып, фуршетпен шектелеміз. Маңызды: кеш сәттілігінің 90%-ы – EvoSound Bar караокеге арналған аудиожүйесі сияқты сапалы дыбыс. Пәтеріңіздегі 450 Вт тап-таза драйв.
2. Тыныш әрі жанға жайлы. Мүмкін сіз уақытыңызды тыныштау, үй атмосферасында өткізгіңіз келетін шығар. Хош иісті глинтвейн, асықпайтын әңгімелер мен жеңіл, романтикалық әндерді үйлестіре отырып, жастықтар мен көрпелер арасында пижама кешін ұйымдастырайық. Оның үстіне, караоке-каталогы жақында ауқымды жаңарту алды – гитара мен баянның сүйемелдеуімен мыңнан астам танымал әндер қосылды. Сүйікті әндеріңізді жанға жайлы акустика сүйемелдеуімен шырқаңыз.
Барлық болып жатқан оқиғаны бейнеге түсіріп, әлеуметтік желілердегі оқырмандарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз. Қаласаңыз, 10-20 минут уақытыңызды бөліп, ата-анаңызға, алыс туыстарыңызға, достарыңыз бен жұмыстағы әріптестеріңізге мерекелік музыкалық құттықтау құрастыруға болады.
Отбасылық дәстүрлер – бұл жай ғана бірлескен демалыс емес. Бұл сіз және сіздің балаларыңыз ондаған жылдар өткен соң да нәзіктікпен және махаббатпен еске алатын оқиғалар. Бұл кейде жетіспейтін тұрақтылық сезімі. Өмір салты, өзіңізбен және жақындарыңызбен мақтануға себеп. Барлық отбасы мүшелері жыл бойы асыға күтетін оқиға.
Караокеңіз көңілді болсын!